Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің аналарымен кездесті.
Полиция қызметкерлері Евгений Кретаның анасы – Вербина Ольга Федоровна және Сергей Павловтың анасы- Павлова Ольга Алексеевнаның үйлеріне барып алғыс айтты. Елордалық департамент қаза тапқан қызметкерлердің туған-туысқандары мен жақындары туралы және құқықтық тәртіпті сақтауда олардың жасаған ерлік істерін ешқашан ұмытпайды. Өйткені олардың ұлдары қызметтік міндеттерін орындау барысында өз өмірлерін қиды.
1997 жылдың 19 сәуірінде Евгениий Крета мен Сергей Павлов екеуі бірге суға батып бара жатқан төрт баланы құтқармақшы болып, бірден Есіл өзеніне түскен. Олар батып бара жатқан балаларға тез жетіп, екі рет жағаға шығаруға тырысқан. Бірақ көк мұзды ағын су аман қалуға мүмкіндік бермей алты адамның өмірін ала кеткен. Қазақстан Республикасы президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Евгений Крета және Сергей Павлов қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Департамент басшысы лайықты ұлдарды тәрбиелеп өсірген және ұстамдылық пен батылдықтың үлгісі болған ерліктері үшін аналарға ерекше алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол аналарды келе жатқан 8-наурыз мерекесімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық тіледі және Департамент тарапынан қолдау көрсетілетініне сенім білдірді.