Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» гандбол клубы екінші жыл қатарынан көшбасшы атанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
«Астана» гандбол клубының әйелдер командасы елдегі көшбасшылығын сақтап қалды. Гандболдан Қазақстан чемпионатында елордалық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, биыл пандемияға байланысты ел чемпионаты бұрын жиналған ұпайлар бойынша аяқталды. 28-ші чемпионаттың он ойынындағы алты команданың нәтижелері есепке алынды.
«Астана» гандбол клубы 20 ұпаймен чемпион атанып, 15 ұпай жинаған Қызылорданың «Қайсар-Қам-ҚМУ» және 13 ұпай жинаған Шымкенттің «Қазығұрт» командаларынан озып шықты.
Жарысқа барлығы алты гандбол клубы қатысты: «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайсар-Кам-КГУ» (Қызылорда), «Қазығұрт» (Шымкент), «Достық» (Алматы), «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Тұран» (Түркістан облысы).