Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңында стартап жобаларын қолдау мен қала акселераторын дамытуды талқылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов, Seedstars негізін қалаушы Пьер Алан Масон және "Acrobator"компаниясының өкілі Бас Годскамен "Астана" халықаралық қаржы орталығы алаңында стартап жобаларын қолдау мен қала акселераторын дамытуды талқылады.
Пьер Алан реалити-шоу арқылы стартап-жобалардың жүзеге асырылуын көрсетуді ұсынды. Сондай-ақ, қалалық акселератор аясындағы жобалар талқыланды.
Қазір акселератор 3 бағытты қамтиды: пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы, қаланы санитарлық тазалау (көгалдандыру) мен қоғамдық көлік мәселелері. "Acrobator" компаниясының өкілі Бас Годска менторлар стартап-жобаларды құру мен жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөлісетінін базаны құру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ сандық экожүйені дамытуға және инвестицияларды тартуға ерекше назар аудару қажеттігін айтты.
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы инновациялардың өңірлік хабы ретінде қалыптасуы тиіс, - деп өз ойымен бөлісті.