Елордаға қарасты елді мекенде ағаш бұйымдарын жасайтын цех өртеніп кетті

29 Желтоқсан 2020, 06:06
1193
Бөлісу:
Елордаға қарасты елді мекенде ағаш бұйымдарын жасайтын цех өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың іргесіндегі Қосшы ауылында пластик терезе және ағаш бұйымдарын жасайтын цех өртеніп кетті. Шамамен 750 шаршы метр аумақ күлге айналған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Құтқарушылар цехқа тиесілі жатақхананың 30 шақты тұрғыны эвакуациялаған. Абырой болғанда адамдар дін аман екен.

Өрт түңгі 12-ден 22 минут кеткенде басталды. 4 сағаттан кейін толық сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 40-тан астам адам жұмылдырылды. Ал адамдарды қауіпсіз жерге шағардық, арасында 4 бала бар. Қазір олар туыстарында. Жатақханада өрттен зардап шеккен жоқ, - деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.
Төтенше жағдай мамандары өрттің тұтануына не себеп болғанын анықтамақ. Алдын ала болжамдарына сенсек, электр желісінің қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Кәсіпорын басшылығы қандайда бір сұқбат беруден бас тартты. Өрт салдарынан жекеменшік емханада әлі күнге электр желісі жоқ. Бүгін таңнан бері дәрігерлер науқастарды онлайн тіркей алмай, әбігерге түсті.
Өзгелердің жаңалығы