Елордаға Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясы келді

7 Шілде 2021, 00:43
1476
Бөлісу:
Елордаға Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстанға БҰҰ делегациясы келді. 7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанға БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен жетті. Ол бұған дейін алдағы кездесуге қатысатынын қуаттаған болатын. 

7-8 шілдеде өтетін «Астана форматындағы «Сирия бойынша келіссөздерге Сирия Араб Республикасы атынан Сыртқы істер министрлігінің басшысы, ал қарулы оппозициядан Ахмад Тома қатысады. 

Келіссөздердің күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді: 

- Сириядағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал; 

- Сирияға халықаралық ізгілік көмек көрсету; 

- Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары; 

- тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу. 

Өзгелердің жаңалығы