Елордадан Ұлытауға жаңа жолаушылар пойызы жүреді

15 Қыркүйек 2022, 10:10
1015
Бөлісу:
Елордадан Ұлытауға жаңа жолаушылар пойызы жүреді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтаннан Жезқазғанға жаңа №65/66 жолаушылар пойызы жол тартпақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушылар пойызы екі күнде жүреді: жұп күндері - Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері - Жезқазғаннан кері.

Talgo вагондарынан құрылған пойызда 344 орын бар. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде электр розеткалар бар. Сонымен қатар, жолаушылар жол бойында Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады, - делінген «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылар вагон-мейрамхананың қызметін пайдалана алады. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда (мүгедектерге арналған) бар.

Еске салайық, биыл қыркүйек айының басында №73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағытындағы Талго вагондарынан құрылған пойыз жолға шыққан болатын.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ № 65/66 Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Жезқазған пойызына билеттер сатылымы басталғанын хабарлайды және жолаушыларды BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе ҚТЖ Билеттері мобильді қосымшасы арқылы онлайн сатып алуды сұрайды. Сондай-ақ электронды кезекті пайдалануды ұсынады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы