Елордадан қыс мезгілінің басынан бері 3,6 млн текше метр қар шығарылды

4 Ақпан 2024, 17:09
408
Бөлісу:
Елордадан қыс мезгілінің басынан бері 3,6 млн текше метр қар шығарылды
Фото: gov.kz

Астанада 4 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1 600-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қала көшелерін, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 4 ақпан күні таңертең 2,6 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,6 мыңға жуық арнайы техника шықты.

Өткен түнде қаладан шамамен 53 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3,6 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бері бүгінге дейін полигондарға 266 мың рейс 3,6 млн текше метр қар шығарды.

Өзгелердің жаңалығы