Елордадағы жәрмеңкеде Атырау және БҚО өнімдері ұсынылады

23 Қыркүйек 2022, 12:47
1070
Бөлісу:
Елордадағы жәрмеңкеде Атырау және БҚО өнімдері ұсынылады

24 және 25 қыркүйекте елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Екі өңір Астанаға 220 тонна өнім әкеледі деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде екі облыс 47-ден астам тауар түрін ұсынады. Аграршылар 220 тонна өнім тасымалдайды, оның ішінде: 90 тоннадан астам сиыр еті мен жылқы еті, 44 тонна балық, 17 тонна ұн мен макарон өнімдері, 15 тонна көкөніс, 10 тонна картоп, 10 тонна шұжық және консерві өнімдерінің түрлері, 5 тонна өсімдік майы, 5 тонна сүт өнімдері, 2 тонна жемістер мен жидектер, 36 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ 21,7 тонна басқа да өнімдер бар.

Жәрмеңке қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.

Айта кетсек, мұндай іс-шаралар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде мұндағы тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен болады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде 13 қарашаға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекенжайы бойынша орналасқан «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Өзгелердің жаңалығы