Елордадағы Түркістан көшесінің учаскесі жабылады

Бөлісу:
Елордадағы Түркістан көшесінің учаскесі жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады, - деп жазылған хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы