Елордадағы травматология орталығы инфекциялық госпитальға айналды

26 Наурыз 2021, 08:45
1550
Бөлісу:
Елордадағы травматология орталығы инфекциялық госпитальға айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлімшелері коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Консультациялық-диагностикалық және функциялық бөлімшелердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы орайда травматолог, ортопед, невропатолог, ревматолог, вертебролог дәрігерлердің, тамырлық хирургтың қабылдаулары уақытша тоқтатылды. Яғни №3 травматология және №7 ортопедия бөлімшелері жабылды.

Айта кетейік, соңғы тәулікте астанада 195 адам коронавирус жұқтырған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауы бойынша, науқастарды емдеу үшін 5 мың төсек-орын дайын. Қажет болған қаланың барлық медициналық ұйымдары осы іске жұмылдырылады.


Өзгелердің жаңалығы