Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін көпқабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кетіп, мерт болды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Көпқабатты үйден ер адамның құлау фактісіне қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді.
"Е-30 көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласынан мәйіттің табылуына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптау жұмыстары жүргізілетін болды. Тергеу барысында отбасындағы жанжалдан кейін 31 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кеткені анықталды", - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға тамыздың 5-нен 6-на қараған түні «Аққу» тұрғын үй кешенінде болған.
Айта кетейік, кеше елордада Highvill тұрғын үйінің 33-қабатынан ер адам секіріп кетіп, қаза болған болатын.