Елордадағы Бейсекова көшесі ертеңнен бастап жабылады

24 Наурыз 2023, 21:25
712
Бөлісу:
Елордадағы Бейсекова көшесі ертеңнен бастап жабылады
PHOTO
Фото: Қалалық әкімдік

Астанада жол-көлік айырығының құрылысына байланысты Шара Бейсекова көшесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейде көлік айрығын салуды жүзеге асырады.

Жақын арада перспективалы көлік айрығы ауданында инженерлік желілерді салу, сондай-ақ көпір өткелінің темірбетон тіректерін орнату бойынша жұмыс басталады.

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 наурыздан бастап Н.Тілендиев даңғылының қиылысында Ш.Бейсекова көшесі (Сейфуллин көшесі жағынан және «Сәлем» базары жағынан) бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Бұл шара қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Жолдың кептелуіне жол бермес үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы