Елордада журналистер арасында футболдан президент кубогы өтіп жатыр

30 Тамыз 2019, 17:51
2125
Бөлісу:
Елордада журналистер арасында футболдан президент кубогы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана-Арена» стадионында Конституция күніне орай журналистер арасында футболдан Президент кубогы өтіп жатыр. Жарысқа 25 команда қатысып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кубоктың ашылуына ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев турнирді өткізу идеясын бірден қолдады. Президент елдегі бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Біз спорттың БАҚ арқылы насихатталғанын қалаймыз», - деді Берік Уәли.

Футбол турниріне қазақстандық БАҚ-дың шығармашылық өкілдерінен құралған 25 команда қатысуда. Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады, сондай-ақ үздік ойыншылар да анықталатын болады.
Өзгелердің жаңалығы