Елордада жолақы төлеудің жаңа тәсілі сынақтан өткізілуде

12 Қараша 2021, 12:24
823
Бөлісу:
Елордада жолақы төлеудің жаңа тәсілі сынақтан өткізілуде
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде елорданың бірнеше автобусында жолақысын кез келген екінші деңгейдегі банктің картасы арқылы төлеу тестілеуден өтіп жатыр.

Пилоттық жоба аясындағы тағы бір жаңашылдық жолаушы VISA және Mastercard картасы, сондай-ақ NFC жүйесі бар смартфон арқылы да төлем жасауға болатыны айтылды.

Жолақысына қатысты жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді. Яғни, осыған дейінгі тарифтер сол күйінде өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, төлем жасау жүйесін жаңарту инвестордың есебінен жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бүгін 3 компания өз өнімін ұсынып отыр, соның біреуін таңдайтын боламыз. Біздің серіктестерімізге қоятын басты талабымыз жаңартылған төлем жасау жүйесінің жолаушылар үшін ыңғайлы болуы. Және жолаушыда таңдау болуы керек, - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов баспасөз мәслихатында.

Төлем жасау мен бірлікті толтырудың жаңа жүйесі №61 қалалық бағыттағы 3 автобуста және қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 қоғамдық көліктерде пилоттық жоба түрінде іске асып жатыр.

Бүгінгі таңда елордалық қоғамдық көліктегі орташа жолаушылар ағыны 600 мыңнан астам адамды құрап отыр. Жолаушылар жол ақысын екі жолмен төлей алады. Олар көлік картасы және QR-кодты сканерлеу, ол үшін әртүрлі қосымшалардың 13 түрі бар.

Өзгелердің жаңалығы