Бұл сауалға Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, елордада жол жүру ақысы қымбаттамайды.
Мен әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жыл соңына дейін қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы қымбаттамайды деп айтқан болатынмын. Жол жүру жүру ақысын қымбаттату мәселесін қарастырып жатқан жоқпыз. Тікелей эфир барысында ендігі жылы көтерілуі мүмкін деп айттым. Астанадағы қазіргі жол жүру ақысын сақтап келе жатқанымызға 9 жылға жуық уақыт болды. Көлікке қажетті құрылғылар қымбаттаған уақытта да жолақысы сақталды,-деді Ерлан Каналимов.
Оқи отырыңыз: