Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық құқықтарын қорғау және қаржылық қамтамасыз ету әрқашан Қаржылық мониторинг агенттігінің басты назарында.
Қазіргі уақытта «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Агенттік елордалық балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы екені анықталды - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған.
Тергеу жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.