Елордада жер телімдері мемлекетке қайтарылды

9 Тамыз 2023, 20:49
634
Бөлісу:
Елордада жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. 

Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді.

Өзгелердің жаңалығы