Елордада жастардың сыни ойлауын дамытатын жоба басталды

1 Қазан 2019, 00:49
1780
Бөлісу:
Елордада жастардың сыни ойлауын дамытатын жоба басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады  қалалық әкімдіктің ресми сайты.  

«True or False» жобасы жастардың сыни ойлауы мен ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жоба аясында «True or False» сыни ойлау мектебі ашылады, мектептің мақсаты - жастардың сыни ойлауын, киберкеңістіктегі ақпаратты талдау дағдыларын қалыптастыру. 

«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болу тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – делінген басқарма хабарламасында.  

Айта кетейік, аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Жобаға сәйкес, қазан айынан қараша айына дейін елордада 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренинг өткізіледі. 

 

Өзгелердің жаңалығы