Елордада жастар арасында діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

3 Қазан 2019, 13:49
1986
Бөлісу:
Елордада жастар арасында діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенттеріне «Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстардың қаупі» тақырыбында дәріс өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрістің өтуіне қалалық Қоғамдық даму істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығы ұйытқы болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Нұр-Сұлтан қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады. Құрамына жоғары дәрежелі дінтанушылар, теологтар мен психологтар кіретін аталған топ студент, жұмыс істейтін жастар, әртүрлі ірі базарлар ұжымдары, құрылыс компаниялары және мемлекеттік қызметкерлер арасында деструктивті діни ағымдарға қарсы насихат және Қазақстан Республикасының дін саласындағы Заңнамасын түсіндіруді жүргізеді. Ақпараттық-түсіндіру дәрісі еркін сұхбат форматында өтті, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды", - делінген таратылған ақпаратта.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай дәрістер қаланың өзге де жоғары оқу орындарында жалғасын табады. Еске сала кетейік, елордада дін саласына қатысты арнайы «2288» сенім телефоны жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары аталған нөмірге хабарласып, өздерін толғандырға сұрақтарға жауап ала алады.


Өзгелердің жаңалығы