Елордада жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп хабарлаған

8 Желтоқсан 2022, 20:51
1040
Бөлісу:
Елордада жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп хабарлаған

Елордада жасөспірім мектепте «мина қойылды»  деп полицияға жалған ақпарат берген,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

5 желтоқсанда әлеуметтік желілер мониторингі барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп жойылды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдегенін түсіндірді. 

Ювеналды полицияның инспекторлары мен баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы