Елордада жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

16 Қыркүйек 2021, 07:10
4733
Бөлісу:
Елордада жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл ауданы құрылғалы мұндағы тұрғын саны үш есе ұлғайып, 300 мыңнан асқан.  Тиісінше қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына да жүктеме артқан.

Енді Ұлы дала көшесіндегі жаңа полиция бекеті азаматтардың барлық өтініштеріне жедел жауап беруге дайын. Әрі сол аумақтың тыныштығын күзетпек.

Президент халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойып, азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап берілу керектігін атап өткен болатын. Осы орайда азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері елорда аумағында бірнеше учаскелік полиция пунктін ашты, – деді Есіл ауданы ПБ бастығы Мадияр Айтуғанов.

Өзгелердің жаңалығы