Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылды

25 Желтоқсан 2019, 22:22
3841
Бөлісу:
Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылына қатынайтын жаңа №322 бағдар іске қосылды. Бұл туралы "Астана LRT" сайты жазды.

Жаңа бағдар 25 желтоқсаннан бастап қатынайды. Жібек жолы ауылы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша бағдардың қозғалыс сызбасына 4-шағын ауданы қосылды. Аталмыш бағдардың бастапқы аялдамасы – №2 Ақмола облыстық ауруханасы, соңғы аялдамасы - Жібек жолы ауылының 4-шағын ауданы, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қала маңындағы Жібек жолы ауылына №304 бағдардағы автобус қатынайтын. Ауыл тұрғындарының көбеюіне байланысты енді №322 бағдар іске қосылды. 

Жаңа бағдардың қозғалыс сызбасымен суретті көріп таныса аласыздар.

5efeb73c35855479be64f259ed6a5170.jpg

Өзгелердің жаңалығы