Елордада жалпы білім беру ұйымының аумағын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

23 Тамыз 2022, 19:00
1102
Бөлісу:
Елордада жалпы білім беру ұйымының аумағын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру объектілерінің іргелес аумағына тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша нұсқамалар беретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, елордада балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың көше мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту, өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатына көлік жүргізушілерінің назарын аудару мақсатында ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығындағы «Назар аударыңыз, балалар!» атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Елорда әкімдігі мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер тротуарларын абаттандыруды, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол төсемі мен жасанды жол кедергілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жаяу жүргіншілер өтпелеріне белгі қойылып, жол белгілері орнатылады. 

Бұл шаралар жүргізушілердің назарын жол белгілеріне аудару, сондай-ақ жасанды жол кедергілерінің салдарынан жаяу жүргіншілер өткелдеріне дейінгі жылдамдықты мәжбүрлеп төмендету арқылы балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы