Елордада жүзуден жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионат өтті

29 Қыркүйек 2019, 13:16
1712
Бөлісу:
Елордада жүзуден жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы №4 спорт мектебі осы арқылы балалардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондар даярлығына ден қоймақ, деп хабарлады Хабар24.

Ашық форматтағы жарысқа жергілікті спортшылардан бөлек, Алматы, Тараз және Оралдан арнайы келгендер де бар. 400-ден аса қатысушы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні 109 рет әртүрлі қашықтыққа сындар өтті.

Бұл жасөспірімдер арасындағы бәскелердегі өзіндік рекорд. Бұған қоса, қатысушылар саны мен жарыстың ауқымы бойынша да алдыңғы додалардан асып түсті. Енді ұйымдастырушылар осы қарқыннан таймай, ашық чемпионатты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізбек.  Мақсат Қадырбаев, №4 олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің басшысы: -

"26 қыркүйекте Азия чемпионаты басталған болатын Үндістан елінде. Сол жарыста біздің мектептің түлектері халықаралық додада топ жарып, 1 күміс пен1 қола медаль еншіледі. Келешекте осы балалар Олимпиада және әлем чемпиондары болады деген сеніміміз мол", - деді №4 олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің басшысы Мақсат Қадырбаев.


Өзгелердің жаңалығы