Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 қарашада "Астана Операда" тыңдаушылар назарына ұлттық музыка жауһары – Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсы ұсынылмақ.
Сұлу Жібектің басты партиясында театрдың Үлкен залы сахнасында алғаш рет Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева өнер көрсетеді.
Вокалистпен бірге Үлкен зал сахнасына "Астана Операның" көрнекті солистері Меир Байнеш, Талғат Ғалеев, Бейімбет Таңарықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Мәдина Исламова, Салтанат Мұратбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ шығады.

Ғабит Мүсіреповтің либреттосына жазылған тұңғыш қазақ операсы "Қыз жібек" жұртшылыққа 1934 жылы ұсынылды. Спектакльдің премьерасы "Астана Операда" режиссер Михаил Панджавидзе мен қоюшы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің ұлттық классиканы жаңаша ұсынуында 2017 жылғы ақпанда өтті.