Елордада ЯРКОкросс 20 шілдеде өтеді

2 Шілде 2019, 22:54
1373
Бөлісу:
Елордада ЯРКОкросс 20 шілдеде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 20 шілдеде жыл сайынғы жетінші ЯРКОкросс фестивалі өтеді. Биыл фестиваль тарихында алғаш рет мәре сызығына жеткендерге медальдар табысталады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.  

«Болжап білуге болмайтын джунгли» бағытындағы қайырымдылық жүгіру Астана Триатлон Паркінде өтеді. ЯРКОкросс фестивалін Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен «Посади Дерево» қоры ұйымдастырады. 

Мәреге жету үшін қатысушылар «Джунглидің» 5 шақырымын жүгіріп өтуі керек. Дәстүрлі түрде желаяқтар старттан финишке дейін жарқын және экологиялық қауіпсіз бояулар шашады. ЯРКОкросста таймерлер жоқ, сондықтан қатысушылар қандай екпінде жүгіру керектігін өздері таңдайды.

Жүгіру 10:00-де басталады. 

Фестиваль аясында түрлі сыйлықтары бар футбол дартс пен арт-зона ұйымдастырылады. Қатысу құны 18 шілдеге дейін балаларға 3500 теңге, ересектерге 5000 теңге. 

Үлкендерге арналған билетке қатысушылар футболка, рюкзак, старттық нөмір мен медаль алады. 

Тіркеу 18 шілде күні сағат 23:59-да жабылады. Ал 19-20 шілде күндері тіркеусіз 4500 бала және 6000 ересектер үшін. Бұл жағдайда стартқа қажет жиынтықты Яркокросс инфо-орталығында алуға болады. 

Балалар жиынтығына футболка кірмейді, бірақ оны сатып алуға болады. Үш жасқа дейінгі балалар тегін қатысады. Тіркелген қатысушылар үшін жиынтық Астана Триатлон паркінде 19 шілде күні сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін беріледі.    

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қаражат ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын орнатуға бағытталады. Жобаның командасы мен волонтерлері ел бойынша 1150 ағаш отырғызды.

Өткен жылы түскен қаражатқа «Аутизмді жеңеміз» қауымдастығы үшін баскетбол және волейбол алаңдары салынды.
Өзгелердің жаңалығы