Елордадағы жарысқа әлемнің 48 елінің триатлеттері қатысады

27 Маусым 2019, 19:20
1380
Бөлісу:
 Елордадағы жарысқа әлемнің 48 елінің триатлеттері қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 12 мен 14 шілдесінде Ironman 70.3 Astana 2019 өтеді. Бұл триатлеттердің есеп бойынша екінші жарысы, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл жарысқа әлемнің 48 елінен 1000 астам қатысушы тіркеліп үлгерді, олардың ішінде Олимпида чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров та бар. Соңғы бірнеше жылда триатлонның танымалдығы артып келеді және осындай жарысты Нұр-Сұлтанда өткізу қазақстандықтардың бұл спортқа деген қызығушылығының деңгейін көрсететін болады.

"Өткізілген алғашқы жарыс көрнекі болды және «Best New Events» 2018 санатында «Global athlete satisfaction award» жүлдесін жеңіп алып табысқа жетті. BI Group Ironman 70.3 Astana 2019 жарысының ерекшелігі – Prо санатты атлеттердің қатысуы. Сонымен қатар арнайы лицензиялары бар кәсіби триатлеттер кімнің мықты екендігін анықтау үшін Нұр-Сұлтанда бас қосатын болады. Сөреге өтініш бергендердің ішінде Tim Don, Radka Kahlefeldt, Nils Fromhold және өзге де көптеген атақты спортшылар бар", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы