Елордадағы орталық көшелердің бірі жабылады

19 Шілде 2020, 17:25
1348
Бөлісу:
Елордадағы орталық көшелердің бірі жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейбітшілік көшесі 20-23 шілде аралығында жабылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көшелер мен жолдарды жөндеу жұмыстары Бейбітшілік көшесі бойымен Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскелерде жоспарлануда, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 20-23 шілде аралығында аталған учаскедегі қозғалыс толық тоқтатылады деп жоспарлануда.
Елорда тұрғындары мен қонақтары көлік кептелісін болдырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы