Елордадағы халықаралық әуежайға NQZ коды енгізілді

8 Маусым 2020, 09:25
1526
Бөлісу:
Елордадағы халықаралық әуежайға NQZ коды енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 8 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайына NQZ жаңа коды берілді, ол барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода көрсетіледі, деп хабарлады "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның баспасөз қызметі. 

2014 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) тағайындаған Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Бүкіл әлем бойынша әуежайларға бір рет және тұрақты негізде код беру жөніндегі IATA қағидаларына қарамастан қазақстандық тарап бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізді, - делінген хабарламада.

IATA өкілдерімен бірлесіп әуежайлардың кодтарын тағайындау және өзгерту бойынша IATA тәсілдеріне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл өзгерістер 2019 жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) IATA-ның барлық мүшелерінің қатысуымен жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) кездесуінде қолдау тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы