XIII Қысқы қайырымдылық балы елордада 8 желтоқсан күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл – Қазақстанда өз тарихы бар жалғыз бал.
«Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару және дарынды жастарды қолдау мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын Қысқы қайырымдылық балын өткізеді.
Елорданың осы ауқымды мәдени шарасы әдетте бизнес-элитаның, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайды.
Қонақтар классикалық вальстен «жалынды» латиноға дейін дебютанттар биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.
Жиналған қаражат «Болашақ» корпоративтік қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларға және дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына жұмсалады.