Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы өтіп жатыр

14 Сәуір 2022, 15:35
2200
Бөлісу:
Елордада волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған 350 000 теңге көлеміндегі шағын гранттар байқауын жариялады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жоба үшінші жыл қатарынан іске асырылуда. Мақсатымыз – азаматтардың, волонтерлар мен волонтерлік ұйымдардың оң бастамаларын қолдау. Бәріңізді елордамыздың өркендеуіне үлес қосуға – байқауға қатысуға шақырамын, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 22 сәуіріне дейін жүзеге асырылады.

Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік проблемасын шешуге арналған және инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша қабылданатын болады.⠀

Өтінімдер grants.2022@bk.ru поштасы арқылы қабылданады.

Байқау ережесі мен өтінім сілтемесі @ns_jastary парақшасында жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы