Елордада велошеруге 700-ге жуық адам қатысты

31 Тамыз 2022, 16:23
785
Бөлісу:
Елордада велошеруге 700-ге жуық адам қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында Конституция күніне орай жаппай веложарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Әртүрлі жастағы 700-ге жуық кәсіпқойлар мен әуесқойлар 20 км жүріп өтті. Велошабандоздар 20-шы шақырымда айналма веложолдан Қосшыға қарай жүгірді және Үркер (Ильинка) тұрғын үй массивінің саябағында мәреге жетті.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Өзгелердің жаңалығы