Елордада үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында орналасқан үш қабатты ғимараттың бірінен өрт шықты.

 pixabay 18 Шілде 2025 2025, 03:46
18 Шілде 2025 2025, 03:46
715
Фото: pixabay

Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында орналасқан үш қабатты ғимараттың бірінен өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға елордалық өрт сөндірушілер жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Алаш тас жолының бойында тіркелген. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, ғимарат үзіліссіз сумен қамтамасыз етілуде.

Оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге анықталуда.

Наверх