Елордада үш күн ішінде 24 мас жүргізуші ұсталды

6 Қыркүйек 2022, 21:34
798
Бөлісу:
Елордада  үш күн ішінде  24 мас  жүргізуші ұсталды

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апаттылықтың жай-күйіне тікелей әсер ететін жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс-шараға елорда патрульдік полициясының 15 жасағы жұмылдырылды. Үш күн ішінде 28 жүргізуші ұсталып, мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу үшін наркология орталығына жеткізілді, оның ішінде 24 жүргізушіде мас болу дәрежесі анықталды, 1 жүргізуші куәландырудан өтуден бас тартты. Көлік құралдарының коммуналдық тұрағына 26 автомашина орналастырылды.

Полиция қызметкерлері "Лада 2114" маркалы автокөлігін масаң күйде жүргізген Қосшы кентінің 46 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адамның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталған. 

Ұсталған барлық жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдары мамандандырылған коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Аталған құқық бұзушылық үшін баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

Сонымен қатар, рейд барысында полиция автокөліктердің техникалық сипаттамаларының 16 бұзылуын анықтады.      

Өзгелердің жаңалығы