Елордада ұлттық ойындар фестивалі өтеді

5 Қыркүйек 2023, 10:19
662
Бөлісу:
Елордада ұлттық ойындар фестивалі өтеді
Фото: 24.kz

Алдағы күндері бұнда 4 жылда бір ұйымдастырылатын ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған еліміздің барлық аймағынан 1300-ден аса қатысушы жиналады. Бұған қоса, 500-ге жуық сала маманы болады. Жалпы байрақты бәсекені елордада ұйымдастыру бекер емес.

Өйткені, бұнда алдағы жылы дүниежүзілік көшпенділер ойыны болады.

Ал ұлттық ойындар фестивалі сол дүбірлі додаға дайындық саналады.

Сондықтан Астандағы аламанда 11 спорт түрінен үздіктер анықталады.

Атап айтқанда, жарыс бағдарламасына көкпар, бәйге, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, теңге ілу және қазақ күресі, тіпті, бүркітшілердің де бәсекесін қосты.

Өзгелердің жаңалығы