Елордада ұлттық спорттың 8 түрінен жарыс өтеді

25 Тамыз 2021, 00:20
2942
Бөлісу:
Елордада ұлттық спорттың 8 түрінен жарыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Ұлы дала рухы» фестивалі бастау алды, деп хабарлайды 24.kz.

7 мыңнан астам спортшы көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату бойынша сынға түседі. Бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Бірінші кезеңде 14 облыс пен 3 қала 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. Ал екінші кезеңде жартылай финалдық және финалдық бәсекелер өтеді. Фестиваль 9 қазанға дейін жалғасады.
Бұл фестивальдің ерекшелігі, жастар мен жасөспірімдер арасында. Қазақстанның 4 аймағында, батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлердегі аймақтардың арасындағы сайыс өтеді. Іріктеу енді басталып жатыр. Ақтық сайысқа 200-ден астам спортшы қатысады, – дейді ҚР ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбуриев.
Өзгелердің жаңалығы