Елордада Уәлиханов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

1 Маусым 2021, 14:10
956
Бөлісу:
Елордада Уәлиханов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ш.Уәлиханов көшесінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты биыл 1-4 маусым аралығында Бөгенбай батыр даңғылынан А.Бараев көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген басқарма хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы