Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтіп жатыр

25 Қараша 2022, 11:43
1514
Бөлісу:
Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтіп жатыр
Фото: автордан

Астанада «Орталық Азиядағы кеңейтілген диалог: «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: Тәуекел топтағы әйелдер мен қыздар. Себептерді жою және көмек көрсету. Әділеттілік үшін қолжетімділікті нығайту» дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өкінішке қарай, Орталық Азияда әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жиі кездесетін жағдай. Шығыс елдерінде сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 80%-ы — әйелдер мен қыздар.

"БҰҰ-әйелдер" құрылымы бүгінгі пікірталаспен Қазақстанда "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" науқанын ашады. Биылғы науқан азаматтық белсенділікке және әр адамның жеке әрекеттеріне бағытталған.  Себебі, гендерлік зорлық-зомбылықты тек бірігіп жоюға болады,  - деп атап өтті  Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымның өкілі Мария Доценко.

Сондай-ақ ел аумағындағы 39 дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйымдар әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау үшін ел заңнамасын жақсартуға қолдау көрсетуге дайынбыз деп отыр.

Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамға толық қатысуына жол бермейді. Қылмысты талдаудан байқағанымыз: қолданылатын қорғаныс және алдын алу институты зардап шеккендердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Шаралардың заңнамалық реттелуіне қарамастан, екі жылдық тәжірибе олардың төмен нәтижелілігін көрсетеді. Осыған байланысты "Сервистік полиция" жобасы арқылы полиция қызметтерінің жұмысын қайта форматтау, азаматтық институтпен әріптестік жұмыс, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері мен дағдыларын дамыту, психологтар, әлеуметтанушылар мен мәдениет саласындағы мамандарды тарту арқылы зорлық-зомбылыққа ден қоюды күшейту қажет,- деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

Сонымен қатар БҰҰ қолдауымен елде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты жыл сайынғы науқан басталды.

Өзгелердің жаңалығы