Елордада «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда
VIDEO
28 Қаңтар, 08:44 519

Елордада «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда аумағында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция қызметкерлері халық арасында қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру, тұрмыс жағдайында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ, қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде. 

Әсіресе, қорғау нұсқамасы немесе жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына назар аударылады. 

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша тексеруде.


Фото: дереккөз
Видео: дереккөз
Загрузка...