Елордада тұрақтандыру қорының бағалары белгіленген өнімдердің тізімі жарияланды

8 Ақпан 2022, 07:46
1168
Бөлісу:
Елордада тұрақтандыру қорының бағалары белгіленген өнімдердің тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Astana» ӘКК» АҚ сайтында жеңілдікті қарыздар бойынша бағалары тұрақтандырылған өнімдердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тізімде сауда атаулары, шекті бағалар, сату нүктелері және тұрақтандыру кезеңі көрсетілген. Тізімді «Тұрақтандыру қоры» – «Өзекті қарыздар» бастырмасынан немесе  сілтемесінен табуға болады.
Тұрақтандыру қорының жеңілдікті қарыздарының арқасында ірі желілерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) атауларының көпшілігіне бағалар тұрақтандырылды. Мысалы, Магнумда ӘМАТ-тың 18 атауына, Aqmol және Вкусмарт желілерінде 14, Астықжанда 13 атауға, Шапағат және Анвар дүкендерінде 6 атауға және т.б. сауда орындарында бағалар тұрақтанды.

Еске сала кетейік, елордалық тұрақтандыру қоры бағаны ұстап тұру үшін жеңілдікті қарыз алған дүкендерде мониторинг жүргізуде. Мұндай мониторингтерде сөрелерде тауарлардың болуы және тауардың белгіленген шекті бағадан жоғары емес күйде сатылуы тексеріледі.

Өзгелердің жаңалығы