Елордада терроризмге қарсы қорғалу бойынша семинар өтті

1 Наурыз 2022, 04:24
1489
Бөлісу:
Елордада терроризмге қарсы қорғалу бойынша семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері №34 мектепке дейінгі ұйым мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мамандандырылған балалар үйінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді, онда терроризмге қарсы қорғалу бойынша әдістемелер ұсынылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Семинар барысында Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-әрекеттер және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді. 

Сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратылған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бары атап айтылды. 

Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған. 

Сонымен қатар жиналыста жастар арасында және жалпы қоғамда экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы