Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

24 Қазан 2020, 10:28
1462
Бөлісу:
Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан - Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты - тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес бойынша практикалық дағдыларды пысықтау, оның зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
Оқу-жаттығу кезінде ұрыстың түрлі қиын элементтері көрсетіледі.

І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, - делінген Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы таратқан хабарламада. 
Өзгелердің жаңалығы