Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

27 Сәуір 2021, 08:35
1670
Бөлісу:
Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы «Алау» мұз сарайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы Терроризммен күрес жөніндегі қалалық шұғыл штаб хабарлайды.

Биыл 27 сәуір күні, сағат 08:00-ден 11:00-ге дейін Терроризммен күрес жөніндегі елордалық шұғыл штаб «Алау» мұз сарайының аумағында (Қабанбай батыр даңғылы, 47) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, – деді штабтан. 
Іс-шараның мақсаты – террорлық көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актілерінің салдарын азайту және жою бойынша міндеттердің орындалуына штабтың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын тексеру болып табылады. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерден тұратын жауынгерлік қимылдарға барынша жақын. 

Қала тұрғындары «Алау» мұз сарайы маңында шектеу шаралары, соның ішінде көлік қозғалысын тоқтату қарастырылғаны туралы ескертілуде.

Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. 

Азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, – делінген штаб хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы