Елордада терек мамығы өртенді

25 Мамыр 2021, 15:23
2792
Бөлісу:
Елордада терек мамығы өртенді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық өрт сөндірушілер терек мамығының жануынан болған өртті сөндірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 25 мамырда сағат 14:06-да Нұр-Сұлтан қаласының Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқаны анықталды. ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері бірден өрт бойынша шақырту орнына шықты. Өрт сөндірушілер сағат 14:13-те келген бойда алдын ала 250 шаршы метр аумақта терек мамығы жанып жатқаны анықталды, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамнан 10 адам, 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 14.29-да сөндірілді.

Өткен тәулікте ғана елордада өрт сөндірушілер 95 рет өрт болған орындарға шықты, оның 53-і - терек мамығының жану оқиғалары.


Терек мамығын өзіңіз тұтатпаңыз және оны балалардың да жағуына жол бермеңіз. Көшеде терек мамығымен ойнап жүрген балаларға да ескерту қажет. Ойынның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін екенін түсіндіріңіз. Осылайша, сіз қайғылы жағдайдың алдын ала аласыз. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі туралы ойланыңыз, – деп ескертті ТЖД тұрғындарға.

Өзгелердің жаңалығы