Елімізде өтетін халықаралық турнирде теннисшілер бақ сынайды

4 Шілде 2019, 21:55
1536
Бөлісу:
Елімізде өтетін халықаралық турнирде теннисшілер бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 шілде күндері елордалық ұлттық теннис орталығында әуесқойлар арасында теннистен Nur-Sultan Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

Турнирді «Қазақстан теннис федерациясы» РҚБ қолдауымен «Астаналық» теннис клубы ұйымдастырады. Жалпы жүлде қоры 1 850 000 теңгені құрайды. 

Турнирге қазақстандық әуесқойлар ғана емес Украина, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 100-ден астам әуесқой теннисші қатысады. 

Nur-Sultan Open турнирінің ашылу салтанаты 6 шілде күні таңғы сағат 09:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы