Астанада Тәуелсіздік күні 18 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.
Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.