Astana Mining & Metallurgy: Елордада тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр

20 Қазан 2021, 10:15
1619
Бөлісу:
Astana Mining & Metallurgy: Елордада тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр.

Astana Mining & Metallurgy конгресі-тау-кен металлургия индустриясындағы ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі.

Шараның мемлекеттік серіктесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

АММ тараптардың пікір алмасуы үшін көптеген алаңды ашады. Аталмыш шара аясында жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялар және мемлекеттік органдардың өкілдерімен B2B және G2B кездесулер өтіп, көрме, Алтын Гефест салалық конкурсының марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. 

Жыл сайын АММ көрмесі аясында экспоненттер тау-кен металлургия саласындағы компаниялар үшін озық технологиялар мен инновациялық әзірлемелерді ұсынады. 

АММ он бірінші конгресінің негізгі тақырыбы «Пандемия жағдайында әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу векторлары» болмақ.  

Конгресс аясында кездесулер сапалы іскерлік серіктестіктер мен нақты келісімшарттар жасалады, тау-кен өндіруші ірі компаниялардың мемлекеттік сатып алу жоспарлары таныстырылады. 

Таңдалған өзекті тақырыптарға сай еліміздің тау -металлургия кешенінде болып жатқан оқиғалары мен даму тенденцияларымен қарастырылады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы