Елордада тамыз айында медсақтандыру қорына 6 млрд теңге жарна түскен

9 Қыркүйек 2022, 14:58
922
Бөлісу:
Елордада тамыз айында медсақтандыру қорына 6 млрд теңге жарна түскен

Тамыз айында МӘМС үшін елордалықтар 6 млрд теңге жарна аударған, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Ал, жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін елордалықтардан 42,6 млрд теңге жарна түсті.

Жалпы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 31 тамызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарна 143,2 млрд теңгеден асады, – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биыл тамыз айында МӘМС үшін елордалықтар 6 млрд теңге жарна аударған. Оның 3,3 млрд теңгеден астамы – жұмыс берушілердің, 2,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлердің аударымдары.

Қаңтар-тамыз айлары аралығында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 42,6 млрд теңге жарна аударған (оның 23,7 млрд теңгеге жуығы жұмыс берушілердің аударымдары, ал 18,9 млрд теңге –жеке кәсіпкерлерден түскен жарна). 

2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 14 883 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 86 млн теңгеден аса соманы құрайды, ал осы жылдың тамыз айында 7998 БЖТ төлеушілерден 10,7 млн теңге жарна түскен. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы