Елордада такси жүргізушісі мұз сырғанаққа шықпақшы болды

31 Қаңтар 2021, 15:16
1610
Бөлісу:
Елордада такси жүргізушісі мұз сырғанаққа шықпақшы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды.

Такси жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы мұз төбеге көлікпен шығуға тырысқан. 

«Біреу таксиге Триатлон паркіндегі төбеден тапсырыс берді». Такси жүргізушісі Нұр-Сұлтандағы мұз төбеге көлікпен көтерілуге тырысып жатқаны түсіп қалған видеоға әлеуметтік желі қолданушылары осылай түсініктеме берді. 

Нұр-сұлтан қаласының Полиция департаменті оқиғаның 2021 жылы 25 қаңтарда болғанын жеткізді. Әлеуметтік желілерде видео 27 қаңтарда пайда болды, ал жүргізуші 28 қаңтарда ұсталды. Ол 18 жастағы жігіт болып шықты.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарғаны және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 18 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 612 - бабының 2-бөлігі бойынша, 20 АЕК және 596-бабының 1-бөлігі бойынша-15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



Өзгелердің жаңалығы