Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

14 Шілде 2023, 13:12
788
Бөлісу:
Елордада тағы бір көше уақытша жабылады
Фото: Арман Мухатов - Архив

Қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Керей Жәнібек хандар көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 15-19 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Керей Жәнібек хандар көшесі бойында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы